БОСТОН – Климаттың өзгеруі туралы ғылыми деректер бұрыннан белгілі болғанымен, әлем көшбасшылары ондаған жыл бойы бұл мәселеге назар аудармай келді. Қазір бұл тақырыптың өзектілігі артып, елеусіз қалдыруға болмайтын мәселеге айналды. Биліктегі тұлғалар да жоғалған уақыттың орнын толтыруды талап еткен қоғам өкілдерінің қысымы артып келе жатқанын сезіп отыр.
Бұрын кәсіпорындарға наразылар тобы ғана қысым көрсетсе, қазір олардың қатарына акционерлер, тұтынушылар, инвесторлар, кредиторлар, жұмысшылар, саясаткерлер және климаттың өзгеруінен төнетін қауіпті түсінген өзге де мүдделі топтар қосылған. Тауар жеткізудегі қиындықтар мен ашық аспан астында істейтін жұмысшылардың өміріне қауіпті жағдайға дейін бизнестің жолындағы тәуекелдер артып келеді.
Қазірден бастап бас директорлар «Атмосфераға қалдық шығармайтын әлемдегі нарық қандай болады?», «Бұл нарықта жетістікке жету үшін маған қандай бизнес-модель керек?», «Жетістікке жету үшін қазір қандай өзгерістер енгізуім керек?», «Маған бұл жолда қандай қолдау керек және оған қалай қол жеткізуге болады?» деген төрт маңызды сұраққа жауап іздеуі қажет.
Ерте іс-қимылға көшкен басшылар компанияға басымдық беретін артықшылықтарға ие болып, негізгі экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Бүкіл әлем атмосфераға зиянды қалдықтар шығармайтын өндіріске негізделген ғаламдық экономикаға көшіп жатыр. Бұл қадам экономиканың барлық саласына өзгеріс әкеліп, нарықтағы бір ойыншылар көп пайдаға кенеледі, қалғандары керісінше, үлкен шығынға батады.
Таза энергия көздеріне көшу міндеттемесін алған энергетикалық компаниялардың акциясына көз жүгіртіп көрейік. Данияның Ørsted көпұлттық компаниясы 2009 жылы энергияның 85% жанатын пайдалы қазбалардан өндірсе, қазір 88% жаңартылатын энергия көздерінен алады. 2025 жылға қарай электроэнергия өндірісі қалдық шығармайтын технологияға көшіп, 2040 жылға қарай энергия бизнесінен шыққан қалдықтардың бәрі жойылады деп күтіліп отыр. Осы өзгеріс кезінде кәсіпорын тұрақты табысқа қол жеткізіп, компания акцияларының бағасы күрт өсті. «2016 жылдан бері компанияның акциялары екі есе өсті. Нәтижесінде акциялардың жалпы құны 56 миллиард долларға жетті. Америкалық бірнеше коммуналдық кәсіпорынды есептемегенде, бұл ConocoPhillips пен басқа компаниялардың көрсеткішінен де жоғары» деп жаздыE&E News.
Таза энергия көздеріне көшу қарқын алған сайын бизнестің климатқа қатысты міндеттемелеріне де басты назар аударыла бастайды. Климатқа қамқорлық жөнінен көшбасшы кәсіпорындар басқаларды жолда қалдырып, бұл басымдық электр энергиясы, көлік және құрылыс сияқты декарбонизацияны оңай жүргізуге болатын салаларда басталып, бүкіл экономикаға тарайды. Бұл саладағы жетістіктер декарбонизациядан өтуі қиын кеме, болат, цемент және ұшақ өнеркәсібін өзгертуге көмектеседі.
At a time of escalating global turmoil, there is an urgent need for incisive, informed analysis of the issues and questions driving the news – just what PS has always provided.
Subscribe to Digital or Digital Plus now to secure your discount.
Subscribe Now
Шын мәнінде соңғы аталған күрделі салалардың өзінде климаттық мәселелерді көтеріп жүрген көшбасшылар шығып жатыр. Кеме өнеркәсібінде Maersk компаниясы 2023 жылға қарай көмірқышқыл газын бөлмейтін кеме жасап шығаратынын хабарлады. Компания технологиялық прогресс пен тұтынушылардың тұрақты тауар жеткізу тізбегіне сұранысын ескеріп, теңіз операциялары кезінде көмірқышқыл газының бөлінуін шектеуге бар күшін салатынын мәлімдеді.
Дәл осылай ұшақ өнеркәсібінде де Airbus компаниясы 2035 жылға қарай атмосфераға көміртегін бөлмейтін, сутегі негізінде жұмыс істейтін ұшақ шығаруды жоспарлап отыр. Компанияның бас директоры Гийом Фори бұл коммерциялық авиация саласында бұрын-соңды болмаған өндірістік өзгерісті көрсететін тарихи сәт болады» деп есептейді.
Экологиялық таза өндіріске көшуі қиын салалардың өзінде декарбонизация бойынша осындай үлкен мақсаттардың болуы бүкіл әлем басшыларына қоршаған ортаға бөлінетін парниктік газдар мөлшерін нөлге жеткізу жолындағы іс-қимыл басталып кеткенін көрсететін белгі болуы керек. Эрнест Хемингуэйдің жеке банкроттық туралы айтқанындай, бұл әдетте біртіндеп басталып, бірден болады. Жасыл экономикаға көшу процесінде де солай. Бизнес иелері күн өткен сайын артта қалып қою мүмкіндігі арта түсетінін түсінеді.
Атмосфераға зиянды қалдық шығармайтын өндіріске қол жеткізудің бизнеске де пайдасы бар. Компания басшылары қалдықтарды азайтып, тұйық жүйе құру арқылы энергия тиімділікті арттыруға көмектесетін бастамаларды қолға алса болады. Тұрақты жүйелерге көшу компания брендіне де пайдасын тигізіп, клиенттерді ғана емес, талантты мамандарды да тартуға көмектеседі. Инвесторлар, директорлар кеңесінің мүшелері, саясаткерлер мен өзге де мүдделі тараптар болашаққа тұрақты жоспары бар компанияларға қызығады.
Ғаламдық шешімдер қабылдауда маңызды рөл атқаратын көшбасшылар сияқты бас директорлар да нөлдік деңгейге жетуді насихаттауда үлкен жауапкершілікке ие. Біз қатысатын өмір бәсекесінен компаниялар да тыс қалмайды. Баяу қозғалып, жеңіске жетуге тырысу бәрі үшін жеңіліспен аяқталады. Бәріміз әрекет етуіміз керек, бірақ қолында құзыреті көп тұлғалар бар мүмкіндігін жедел өзгерістерді қамтамасыз етуге жұмсауы керек.
Бізде әлі климаттық өзгерістердің ауыр салдарынан құтылуға мүмкіндік бар. Бұл үшін әр көшбасшы бастама көтеруі керек. Климаттың өзгеруі ешкім, тіпті, бір де бір компания қашып құтыла алмайтын үлкен қауіп төндіреді.
To have unlimited access to our content including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, PS OnPoint and PS The Big Picture, please subscribe
With German voters clearly demanding comprehensive change, the far right has been capitalizing on the public's discontent and benefiting from broader global political trends. If the country's democratic parties cannot deliver, they may soon find that they are no longer the mainstream.
explains why the outcome may decide whether the political “firewall” against the far right can hold.
The Russian and (now) American vision of "peace" in Ukraine would be no peace at all. The immediate task for Europe is not only to navigate Donald’s Trump unilateral pursuit of a settlement, but also to ensure that any deal does not increase the likelihood of an even wider war.
sees a Korea-style armistice with security guarantees as the only viable option in Ukraine.
Rather than engage in lengthy discussions to pry concessions from Russia, US President Donald Trump seems committed to giving the Kremlin whatever it wants to end the Ukraine war. But rewarding the aggressor and punishing the victim would amount to setting the stage for the next war.
warns that by punishing the victim, the US is setting up Europe for another war.
Within his first month back in the White House, Donald Trump has upended US foreign policy and launched an all-out assault on the country’s constitutional order. With US institutions bowing or buckling as the administration takes executive power to unprecedented extremes, the establishment of an authoritarian regime cannot be ruled out.
The rapid advance of AI might create the illusion that we have created a form of algorithmic intelligence capable of understanding us as deeply as we understand one another. But these systems will always lack the essential qualities of human intelligence.
explains why even cutting-edge innovations are not immune to the world’s inherent unpredictability.
БОСТОН – Климаттың өзгеруі туралы ғылыми деректер бұрыннан белгілі болғанымен, әлем көшбасшылары ондаған жыл бойы бұл мәселеге назар аудармай келді. Қазір бұл тақырыптың өзектілігі артып, елеусіз қалдыруға болмайтын мәселеге айналды. Биліктегі тұлғалар да жоғалған уақыттың орнын толтыруды талап еткен қоғам өкілдерінің қысымы артып келе жатқанын сезіп отыр.
Бұрын кәсіпорындарға наразылар тобы ғана қысым көрсетсе, қазір олардың қатарына акционерлер, тұтынушылар, инвесторлар, кредиторлар, жұмысшылар, саясаткерлер және климаттың өзгеруінен төнетін қауіпті түсінген өзге де мүдделі топтар қосылған. Тауар жеткізудегі қиындықтар мен ашық аспан астында істейтін жұмысшылардың өміріне қауіпті жағдайға дейін бизнестің жолындағы тәуекелдер артып келеді.
Қазірден бастап бас директорлар «Атмосфераға қалдық шығармайтын әлемдегі нарық қандай болады?», «Бұл нарықта жетістікке жету үшін маған қандай бизнес-модель керек?», «Жетістікке жету үшін қазір қандай өзгерістер енгізуім керек?», «Маған бұл жолда қандай қолдау керек және оған қалай қол жеткізуге болады?» деген төрт маңызды сұраққа жауап іздеуі қажет.
Ерте іс-қимылға көшкен басшылар компанияға басымдық беретін артықшылықтарға ие болып, негізгі экономикалық мүмкіндіктерге қол жеткізеді. Бүкіл әлем атмосфераға зиянды қалдықтар шығармайтын өндіріске негізделген ғаламдық экономикаға көшіп жатыр. Бұл қадам экономиканың барлық саласына өзгеріс әкеліп, нарықтағы бір ойыншылар көп пайдаға кенеледі, қалғандары керісінше, үлкен шығынға батады.
Таза энергия көздеріне көшу міндеттемесін алған энергетикалық компаниялардың акциясына көз жүгіртіп көрейік. Данияның Ørsted көпұлттық компаниясы 2009 жылы энергияның 85% жанатын пайдалы қазбалардан өндірсе, қазір 88% жаңартылатын энергия көздерінен алады. 2025 жылға қарай электроэнергия өндірісі қалдық шығармайтын технологияға көшіп, 2040 жылға қарай энергия бизнесінен шыққан қалдықтардың бәрі жойылады деп күтіліп отыр. Осы өзгеріс кезінде кәсіпорын тұрақты табысқа қол жеткізіп, компания акцияларының бағасы күрт өсті. «2016 жылдан бері компанияның акциялары екі есе өсті. Нәтижесінде акциялардың жалпы құны 56 миллиард долларға жетті. Америкалық бірнеше коммуналдық кәсіпорынды есептемегенде, бұл ConocoPhillips пен басқа компаниялардың көрсеткішінен де жоғары» деп жаздыE&E News.
Таза энергия көздеріне көшу қарқын алған сайын бизнестің климатқа қатысты міндеттемелеріне де басты назар аударыла бастайды. Климатқа қамқорлық жөнінен көшбасшы кәсіпорындар басқаларды жолда қалдырып, бұл басымдық электр энергиясы, көлік және құрылыс сияқты декарбонизацияны оңай жүргізуге болатын салаларда басталып, бүкіл экономикаға тарайды. Бұл саладағы жетістіктер декарбонизациядан өтуі қиын кеме, болат, цемент және ұшақ өнеркәсібін өзгертуге көмектеседі.
Winter Sale: Save 40% on a new PS subscription