oneill73_THOMAS SAMSONAFP via Getty Images_coronavirushospitalnursetentfrance Thomas Samson/AFP via Getty Images

Қоғамдық денсаулық сақтау жүйесіне арналған стресс-тест

ЛОНДОН – 25 қаңтарда Чатем-Хаус және Джорджтаун университеті АҚШ пен әлемнің экономикалық саясаты мәселелерін талқылау үшін АҚШ Қаржы министрі Стивен Мнучинді қабылдады. Мнучин Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумның жыл сайынғы кездесуінен тікелей келді, бірақ осы кездесудің басты тақырыбы ("мүдделі тараптардың капитализмі") басқа ауқымды оқиғалардың көлеңкесінде қалып қойған еді. Коронавирустың (COVID-19) өршуі Қытай үшін өте маңызды мәселеге айналды және көп ұзамай бүкіл әлемге қауіп төндіреді.

Қызметтік мансабымда жұқпалы аурулар қатерімен жұмыс істеген адам ретінде мен Давостағы Мнучиннің пікірлерікөңілімнен шықты, онда ол климаттың өзгеруі - бүгінгі таңда әлем алдында тұрған жалғыз саяси проблема емес екенін көрсетті. (Алайда, мен оның климаттың өзгеруі бойынша шведтің жасөспірім белсендісі Грета Тунбергті осы мәселе бойынша төмендеткенін қолдамаймын.)

Мен төрағалық еткен 2016 жылғы Біріккен Корольдіктің Микробқа қарсы препараттарға төзімділігін шолуына (AMR) сәйкес, бүкіл әлемдегі саяси басшылар орасан шығынға және көптеген адам өліміне алып келетін жаһандық денсаулық сақтау дағдарысын болдырмау үшін орта мерзімді перспективада 29 негізгі іс-шараларды өткізулері қажет. Атап айтқанда, келісілген іс-қимылдар болмаған жағдайда дәрілерге-тұрақты микробтар 2050 жылға қарай жылына он миллионға жуық адам өмірін алып кетуі мүмкін екенін ескерттік, бұл әлемдік жиынтық ЖІӨ үшін шамамен 100 триллион доллар болады.

https://prosyn.org/Dqouygkkk