A worker pushes a trolley as he walks between goods stored inside an Amazon.co.uk fulfillment centre  CHRIS J RATCLIFFE/AFP/Getty Images

Өнімділік мәселесін қалай шешеміз?

САН-ФРАНЦИСКО – Жылдар бойы экономикадағы ең басты мәселелердің бірі – АҚШ-тағы және басқа да дамыған елдердегі өнімділіктің төмендеуімен күрес жайы болып келеді. Экономистер өлшемдегі қателіктерден бастап, “зайырлы стагнацияға” дейінгі түрлі себептерді алға тартып, қазіргі технологиялық инновациялардың нәтижелілігіне де күмән келтіреді.

Бірақ, бір “себепкерді” табудың орнына жалпы экономикалық әріптестіктің тамырына үңілсек, мәселенің мәнісі сонда  табылады. Сонда ғана біз өндіміліктің не себепті төмендегенін түсінеміз.

Дамыған елдердегі өнімділіктің күрт төмендеуімен ерекшеленетін 2008 жылғы қаржы дағдарысынан кейінгі он жылды саралап қарасақ, үш ерекшелікті байқаймыз. Олар: тарихтағы ең төмен капитал сыйымдылығы, цифрландыру және сұраныстың баяу өсімі. Осы жағдаяттардың кесірінен жылдық өнім өсімі орташа есеппен 80 пайызға құлдилады, 2010 and 2014 жылдары орташа есеппен өнім өсімі 0.5% пайыз болса, мұның алдындағы он жылда 2.4% болған еді.

Капитал сыйымдылығы өсімінің тым қатты төмендеуінен бастайық, себебі бұл – жұмыс күшінің құрал-сайманға, жабдықтар мен құрылғыларға қолжетімділігін білдіреді. Жұмысшыларға арналған бұл орташа құралдың өсімі баяулап, АҚШ-та тіпті минусқа өтіп кеткен.

2000-2004 жылдар аралығында АҚШ-тағы капитал сыйымдылығы орташа есеппен жылына 3.6 пайызға өскен еді. Ал 2010-2014 жылдар аралығында өсім бар-жоғы 0,4 пайыз болып, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең төмен көрсеткішті көрсетті. Еңбек өнімділігі компоненттерін жіктеп қарағанда көп елдегі, соның ішінде АҚШ-тағы, өнімділік төмендеуінің ең басты себептерінің бірі – капитал сыйымдылығының баялауы болған.

Құрал-жабдықтар мен құрылымдар саласына инвестицияның едәуір кемуі капитал сыйымдылығының төмендеуіне алып келді. Оның үстіне мемлекеттік инвестиция да біршама төмендеді. Мәселен, АҚШ, Германия, Франция және Ұлыбританияда 1980-жылдар мен 2000-жылдардың басы аралығында мемлекеттік инвестиция көлемі ұзақ уақыт бойы құлдырап, 0.5-1 пайыз аралығында болды. Одан бері де бұл көрсеткіш осы деңгейде қалып, не тіпті құлдилап, инфрақұрылымда үлкен олқылыққа алып келді.

Secure your copy of PS Quarterly: The Year Ahead 2025
PS_YA25-Onsite_1333x1000

Secure your copy of PS Quarterly: The Year Ahead 2025

Our annual flagship magazine, PS Quarterly: The Year Ahead 2025, has arrived. To gain digital access to all of the magazine’s content, and receive your print copy, subscribe to PS Digital Plus now.

Subscribe Now

Бағдарламалық жасақтама, зерттеу және дамыту салаларына салынған материалдық емес инвестиция көлемі дағдарыстан кейін аз уақыт төмендеп, 2009 жылы қайта көтерілді. Бұл салаға инвестицияның әлі өсіп жатуы цифрландыру толқынының басталғанынан хабар береді. Бұл – өнімділіктің баяу өсуі кезеңінің екінші ерекшелігі, әрі ол  басқа индустрия салаларына да жайылып барады.

Цифрландыру, яғни бұлттық есептеу, электронды коммерция, мобильді Интернет, жасанды интеллект, машиналық оқу, заттар интернеті сияқты цифрлық технологиялар, процесті оптимизациялап, бизнес-модельдерді өзгертіп, құн тізбегіне әсер етіп, индустриялар арасындағы шекараларды жойып жатыр. Бұл соңғы толқынның 1990-жылдардағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы өсімнен бір ерекшелігі – өте ауқымды әрі инновациялық тұрғыда жан-жақты: жаңа өнімдер мен функциялар (мәселен, цифрлық кітаптар және тұрған жеріңді дәл қазір көрсету), оларды жеткізудің жаңа жолдары (мәселен видео ағыны) және жаңа бизнес-модельдер (мәселен, Uber және TaskRabbit).

Дегенмен, мұнда әсіресе өнімділік өсіміне әсер тұрғысынан ұқсастықтар да бар. Экономист Роберт Солоудың (Robert Solow) айтқанындай, ақпараттық-коммуникациялық революция өнімділік статистикасынан басқа салалардың барлығында байқалды. Ғалымның құрметіне “Солоу парадоксі” деп аталған бұл парадокс технология, бөлшек сауда және көтерме сауда салалары АҚШ-та өнімділікті күрт арттырғанда ғана шешілді. Қазір біз, бәлкім, “Солоу парадоксінің” екінші кезеңінде тұрған шығармыз. Цифрлық технологияны барлық жерден байқасақ та, олар өнімділікті өсіруге әлі серпін бере қойған жоқ. 

MGI зерттеуі көрсеткеніндей, технология, медиа және қаржылық қызмет сияқты активтер, қолдану және жұмысшыларды қолдау жағынан бәрінен де көп цифрланған салаларда өнімділік жоғары болған. Бірақ, бұл секторлар ЖІӨ-дегі және жұмыс орындарындағы үлесі тұрғысынан салыстырмалы түрде төмен, ал денсаулық сақтау, бөлшек сауда сияқты ірі салалар соншалық цифрланбаған, сондықтан оларда өнімділік төмен.

MGI зерттеуі көрсеткеніндей, цифрландыру өнімділікті арттыруға мүмкіндік бергенімен, оның пайдасы әлі кең ауқымда нақтыланған жоқ. Жақында McKinsey жүргізген сауалнамаға қарасақ, жаһандық компаниялардың басты операцияларының, өнімдері мен қызметтерінің үштен бірі автоматтандырылған яки цифрландырылған.

Бұл қолданудағы қиындықтар мен тасымалдау бағасына әсер етуі мүмкін. Мәселен, осы сауалнамада цифрлық трансформацияға өтіп жатқан компаниялар негізгі өнімдер мен қызмет түрлері бойынша нарықтағы үлестерінің 17 пайызын өз ішіндегі цифрлық өнімдер мен қызметтер алып қойғанын айтты.  Оның үстіне, корпорациялардың арасындағы ақпараттың 10 пайызы цифрландырылып, сараптауға дайын тұр. Бұл дерек блокчейн, бұлттық есептеу, IoT  байланыс, жаңа модельдер және жасанды интеллект арқылы қолдануға ыңғайланса, бұрын байқалмай келген инвестициялық мүмкіндіктерді көрген корпорациялар инновацияға бұрынғыдан да қатты ұмтыла бастайтын шығар.

Тарихтағы өнімділіктің ең баяу кезеңіне тән тағы бір ерекшелік – сұраныстың нашарлауы. Корпорациялардағы шешім қабылдаушылардан инвестиция үшін сұраныстың өте маңызды екенін білеміз. Мәселен, MGI былтыр өткізген сауалнама нәтижесіне қарасақ, инвестиция бюджеттерін ұлғайтқан компаниялардың 47 пайызы сұраныстың артуынан не сұраныс артады деген үміттің арқасында жетістікке қол жеткізген.

Өнеркәсіптің барлық салаларында қаржы дағдарысынан кейінгі сұраныстың баяу бас көтеруі инвестицияны өсіруге мүмкіндік бермеді. Дағдарыс тұтыну және инвестиция сұранысының болашақ бағдарын тұмандатып жіберді. Инвестиция салу туралы шешім де, өнімділікті арттыру да кейінге шегерілді. Сұраныс қайта қалпына келе бастағанда көп индустриялардың құрал-жабдық пен құрылымға инвестиция салмастан кеңейіп, қанат жая алатындай мүмкіндіктері болды. Соның салдарынан капитал сыйымдылығы деңгейі өте төмен болды. 2010-2014 жылдардағы өнімділік өсімінің тым төмен болуының ең басты факторы да осы еді.

Дегенмен, көп компания цифрлық шешімдерді үйреніп, оларға бейімделіп жатқандықтан және жұмысқа алу мен инвестиция салудың жаңа мүмкіндіктері сұранысты қайта көтеріп жатқандықтан, өнімділік қайта өсе бастайды деп болжаймыз. Өнімділіктің артуына сеп болатын фактор өте коп, бірақ, экономикалық белсенділікті трансформациялап, оның құнын арттырып, табысты ұлғайтып, байлықты еселейтін 21 ғасырдың қозғаушы күші – цифрландыру, дата және оны сараптау екені анық.

https://prosyn.org/ldKAJ8Jkk