mazzucato29_Getty Images_global consensus Getty Images

Жаңа ғаламдық экономикалық консенсус

ЛОНДОН – Вашингтон консенсусы аяқталуға жақын. Осы аптада жарияланған баяндамада G7 елдерінің экономикалық тұрақтылық бойынша сарапшылар тобы  (мен бұл топқа Италияның атынан мүшемін) тұрақты, әділ әрі өміршең экономика құру үшін  жеке сектор мен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты түбегейлі өзгертуді талап етіп отыр. 30-31 қазанда G20 көшбасшылары пандемия, климаттың өзгеруі, теңсіздіктің артуы және экономикалық тұрақсыздық сияқты бүгінгі күннің ең күрделі мәселелерін талқылауға жиналғанда қазіргі бейберекетсіздікке әкелген ескі болжамдарға сүйенбеуі керек.

Вашингтон консенсусы жарты ғасыр бойы әлемдік экономиканың ойын ережесін анықтап келді. Бұл термин 1989 жылы батыс типіндегі капитализмнің ғаламдық ықпалы күшейген кезде Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банк ұсынған фискалды, салық және сауда саясатын белгілеу үшін енгізілді. Ол неолибералы жаһанданудың сәнді сөзіне айналды. Сондықтан Вашингтон консенсусын теңсіздікті арттырып, ғаламдық оңтүстікті солтүстіктікке біржола бағынышты етіп қойды деп сынаушылар көп болды.

Әуелі 2008 жылы, кейін коронавирус дағдарысы қаржы жүйесін күйрете жаздаған 2020 жылы әлем бұрын-соңды болмаған қауіп, белгісіздік, климаттық соққыларға толы болашаққа тап болды. Әлем көшбасшылары қауқарсыз экономикалық жүйені қолдауды жалғастыру не жаңа халықаралық қоғамдық келісім жасау үшін Вашингтон консенсусынан бас тарту деген қарапайым таңдауға кезікті.

https://prosyn.org/RelMbe8kk