A man looks at his phone near a giant image of the Chinese national flag Greg Baker/Getty Images

Қытай - сандық әлемнің супердержавасы

ШАНХАЙ – Қытай тұтынушыға бағытталған сандық технология әлемінде ғаламның көшбасшысы ретінде орнықты. Ол - әлемдегі ең ірі электронды коммерция нарығы, мұнда әлемдегі транзакциялардың 40 пайызы орындалады, әрі ол венчурлық инвестиция, автономды көлік, 3D баспа, робот пен дрон өндірісі және жасанды интеллект бойынша алдыңғы үштікке кіреді. Дүние жүзіндегі құны 1 миллиард доллардан асатын алпауыт стартаптардың үштен бірі - Қытайдікі. Елдің бұлттық технология өкілдері есептеу технологиясы бойынша әлемде көш бастап келеді. Қытайда жалпы сауда балансының дефициті байқалғанымен, бұл ел сандық қызмет саласында жылына 15 миллиард долларлық оң сальдоға қол жеткізді.

Қытайдың сандық экономикада тамаша жетісіктерге жетуіне Alibaba, Baidu және Tencent сияқты Интернет алыптары септігін тигізді. Бұлар өз қызметтерін үлкен ауқымда коммерциялап, бүкіл әлемдегі бизнес моделін түбірімен өзгертіп жатыр. Үшеуін қоса алғанда бұларды айына  500-900 миллион адам белсенді түрде пайдаланады.  Бұлардың көтерілуіне оңай ережелер, нақтырақ айтсақ, сол ережелердің кешеуілдетіп енгізілуі әсер етті. Мәселен, Alipay қызметін іске қосқаннан 11 жыл өткеннен кейін ғана реттеуші органдар онлайн ақша жөнелтудің жоғарғы шегін белгіледі.

Қазір бұл Инернет-компаниялар өз мүмкіндіктерін Қытайдың экожүйесіне және оны қалыптастыруға ат салысып жатқан кәсіпкерлердің толқынына инвестиция салуға жұмсап отыр. Alibaba, Baidu және Tencent үшеуі бірігіп Қытайдағы ең үлкен стартаптардың 30 пайызын, соның ішінде  Didi Chuxing (50 миллиард доллар), Meituan-Dianping (30 миллиард доллар) және JD.com (56 миллиард доллар) компанияларын қаржыландырып отыр.

https://prosyn.org/NULrF0Tkk