МӘСКЕУ – Осыдан төрт ай бұрын ғана Ресей президенті Владимир Путин 77 пайыз дауыспен төртінші рет қайта сайланды. Ал Ресейдің Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының жақында жүргізген сауалнамасына қарағанда, президент сайлауы қазір өтсе Путин бар-жоғы 47 пайыз дауыс жинап, екінші кезеңге қалуға мәжбүр болар еді. Бұл – Ресей үшін де, бүкіл әлем үшін де қауіпті жағдай.
Ресейдегі сауалнама нәтижесі жалпы билік бөлінісінің көрінісі бола алмайды, әрине. Совет кезінде диссиденттердің қалай ауыр жазаланғанын білетін ресейліктер сұрақ қойылғанда басшылары туралы көбіне жақсы сөз айтуға тырысады. Сонда да, қолдаудың бұлайша күрт құлдырауы – үлкен өзгеріс.
Путин алғаш рет 2000 жылы халықтың өмір сапасын арттырып, Ресейдің әлемдік держава ретіндегі мәртебесін қайта көтеремін деп уәде беру арқылы президент болып сайланды. Оның жолы болып, мұнай бағасы шарықтап кетті. Енді ол әлемдегі Американың көшбасшылығына, Батыстық үлгідегі демократияға қарсы шығатын “тонын теріс айналдырған” Совет одағын қайта түлетуге тырысып жатыр.
Путин әу бастан-ақ цензураны пайдаланып, кез келген жетістікті, соның ішінде мұнай бағасының өсуін жеке өзінің жетістігі ретінде дәріптеуге, сол арқылы өз беделін нығайтуға тырысты. Ресей думасының спикері Вячеслав Володин 2014 жылы айтқанындай, “Путин бар жерде – Ресей бар, Путин жоқ жерде – Ресей жоқ”.
Ал қателіктерге ешқашан Путин кінәлі болған емес, әрине. Мәселен, 2007 жылы экономикалық өсім баяулап, әлеуметтік теңсіздік ұлғайған кезде Путин Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөз сөйлеп, онда әлемді билеп-төстегені үшін АҚШ-ты кінәлады және НАТО-ның Балтық бойына жайылуы – Ресейге қарсы бағытталған әрекет деді.
Аяқ астынан Ресей Батыс жариялады деген қырғиқабақ соғыс шеңберіндегі күресін бастады. Косовоның 2008 жылы тәуелсіздік жариялауы, Ресейдің Грузиямен соғысы Путиннің “қоршаудағы бекініс” риторикасын үдете түсті.
At a time of escalating global turmoil, there is an urgent need for incisive, informed analysis of the issues and questions driving the news – just what PS has always provided.
Subscribe to Digital or Digital Plus now to secure your discount.
Subscribe Now
Соған қарамастан, 2013 жылы Путиннің рейтингі рекордты деңгейге төмендеді, тіпті қазіргі көрсеткіштен де нашар болды. Сонда Путин алдымен метафоралық түрде, кейіннен шын мәнісінде үлкен қаруын қолға алды. 2014 жылы Ресей спортшылары Сочидегі Қысқы Олимпиада ойындарында (мемлекет қолдаған допинг жүйесінің көмегінің арқасында) ерекше нәтиже көрсеткен соң Ресей Украинаға басып кіріп, Қырымды аннексиялап алды. Мемлекеттік ақпарат құралдарының айтуынша, Путин Ресейдің бұрынғы ұлы держава мәртебесін қайтару уәдесін осылай орындап жатыр.
Путиннің рейтингі 85 пайызға шарықтап кетті, Ресей дүкендері оның суреті бейнеліп, “Қырым үшін алғыс”, “Ең сыпайы адам” деген сияқты жазу жазылған жейдеге толды. Ресейліктердің басым көпшілігі үшін Путин беделі зор тұлғаға айналды. Президент қандай саяси бағыт я шешім ұсынбасын, ресейліктер оны қызу қолдады.
Путин “Революцияның алдын алу үшін шағын соғыстарда жеңу керек” деген нақылды ұстанған тәрізді. Бұл кеңесті II Николай патшаның тұсында полиция басшысы, кейіннен Ішкі істер министрі қызметін атқарған Вячеслав Константинович фон Плеве айтты деседі. Алайда, Путиннің шағын жеңістері оның позициясын нығайтып, қарсыластарының аузына құм құйғанымен, ұзақмерзімдік салдары тым ауыр болды: Қырымды аннексиялауға қарсылық ретінде Батыс қатаң санкциялар салды.
Сол санкциялар салдарынан рубльдің долларға шаққандағы құны 50 пайызға түсті, инфляция өсіп кетті, ал ресейліктердің сатып алу мүмкіндігі мен өмір стандарты күрт төмендеді. Биылғы жаздың соңында қаржыдан қысылған Ресей үкіметі халықтың 90 пайызы қарсы болғанына қарамастан, зейнет жасын көтеруге мәжбүр болды. Путиннің теледидар арқылы тікелей мәлімдеме жасауы да халықтың бетін бері қарата алмады.
Оның үстіне, Путиннің қолдауына қарамастан, биліктегі “Біртұтас Ресей” партиясы Қиыр Шығыстағы сайлауда жеңіліс тапты. Хабаровск өлкесі мен Владимир облысындағы губернатор сайлауларының екінші кезеңінде Батысқа қарсы, националист Либерал-демократиялық партияның кандидаттары “Біртұтас Ресей” үміткерлерін жеңіп кетті.
Приморск өлкесіндегі губернатор сайлауында бір жағынан “Біртұтас Ресейге” наразылардың қарсы дауыс беруінің арқасында Коммунистік партияның кандидаты жеңіске жетті деп жарияланған. Алайда, артынша сайлау заңсыз деп танылып, “Біртұтас Ресей” кандидаты жеңімпаз деп танылды. Дау-дамай қатты шыққаны сондай, Ресейдің постсоветтік тарихында алғаш рет сайлау нәтижесі жоққа шығарылды.
Кей сарапшылардың айтуынша, “Біртұтас Ресейдің” сайлауда жеңілуі – халықтың “биліктен жалығуының” көрінісі болса керек. Бірақ, Ресейдегі орта таптың жағдайы төмендеп, Путин айналасындағылардың байлығы артқан сайын Ресейдің ұлылығы туралы мәлімдемелердің бәрі бос сөз болып қалып жатыр.
Қазір азаматтар “Ресейдің позициясы қаншалық мығым?” деп сұрап отыр. Санкциялардан тұншығып, Батыстан оқшауланған Ресей баяғы геосаяси мәртебесінен айырылып, ұлы державаға ұқсамай барады. Ресми үгіт-насихат елдің ауыр тағдырына Батыс кінәлі деп әлі де сендіруге тырысып жатыр, бірақ ресейліктер бұған иланбайды. Және олар Ресейдің әлемдік саясаттағы рөліне қандай ықпал еткеніне қарамастан, елдің шалғайдағы Сирия соғысына араласуына да, көршілес Қырымды аннексиялауына да соншалық қуана қойған жоқ.
Бірақ, Путиннің 18 жылдық билігінен сабақ алар болсақ, оның рейтингінің төмендеуі бәріміз үшін жақсы емес. Ресейліктер шаршаса да, Путин шаршамаған болуы мүмкін. Егер ол билігінің әлсірегенін сезсе, басқа біреудің есебінен тағы да жеңіске жетуге бел байлауы мүмкін.
To have unlimited access to our content including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, PS OnPoint and PS The Big Picture, please subscribe
US President Donald Trump’s import tariffs have triggered a wave of retaliatory measures, setting off a trade war with key partners and raising fears of a global downturn. But while Trump’s protectionism and erratic policy shifts could have far-reaching implications, the greatest victim is likely to be the United States itself.
warns that the new administration’s protectionism resembles the strategy many developing countries once tried.
It took a pandemic and the threat of war to get Germany to dispense with the two taboos – against debt and monetary financing of budgets – that have strangled its governments for decades. Now, it must join the rest of Europe in offering a positive vision of self-sufficiency and an “anti-fascist economic policy.”
welcomes the apparent departure from two policy taboos that have strangled the country's investment.
МӘСКЕУ – Осыдан төрт ай бұрын ғана Ресей президенті Владимир Путин 77 пайыз дауыспен төртінші рет қайта сайланды. Ал Ресейдің Қоғамдық пікірді зерттеу орталығының жақында жүргізген сауалнамасына қарағанда, президент сайлауы қазір өтсе Путин бар-жоғы 47 пайыз дауыс жинап, екінші кезеңге қалуға мәжбүр болар еді. Бұл – Ресей үшін де, бүкіл әлем үшін де қауіпті жағдай.
Ресейдегі сауалнама нәтижесі жалпы билік бөлінісінің көрінісі бола алмайды, әрине. Совет кезінде диссиденттердің қалай ауыр жазаланғанын білетін ресейліктер сұрақ қойылғанда басшылары туралы көбіне жақсы сөз айтуға тырысады. Сонда да, қолдаудың бұлайша күрт құлдырауы – үлкен өзгеріс.
Путин алғаш рет 2000 жылы халықтың өмір сапасын арттырып, Ресейдің әлемдік держава ретіндегі мәртебесін қайта көтеремін деп уәде беру арқылы президент болып сайланды. Оның жолы болып, мұнай бағасы шарықтап кетті. Енді ол әлемдегі Американың көшбасшылығына, Батыстық үлгідегі демократияға қарсы шығатын “тонын теріс айналдырған” Совет одағын қайта түлетуге тырысып жатыр.
Путин әу бастан-ақ цензураны пайдаланып, кез келген жетістікті, соның ішінде мұнай бағасының өсуін жеке өзінің жетістігі ретінде дәріптеуге, сол арқылы өз беделін нығайтуға тырысты. Ресей думасының спикері Вячеслав Володин 2014 жылы айтқанындай, “Путин бар жерде – Ресей бар, Путин жоқ жерде – Ресей жоқ”.
Ал қателіктерге ешқашан Путин кінәлі болған емес, әрине. Мәселен, 2007 жылы экономикалық өсім баяулап, әлеуметтік теңсіздік ұлғайған кезде Путин Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында сөз сөйлеп, онда әлемді билеп-төстегені үшін АҚШ-ты кінәлады және НАТО-ның Балтық бойына жайылуы – Ресейге қарсы бағытталған әрекет деді.
Аяқ астынан Ресей Батыс жариялады деген қырғиқабақ соғыс шеңберіндегі күресін бастады. Косовоның 2008 жылы тәуелсіздік жариялауы, Ресейдің Грузиямен соғысы Путиннің “қоршаудағы бекініс” риторикасын үдете түсті.
Winter Sale: Save 40% on a new PS subscription