Trump Spencer Platt/Getty Images

Нарық фундаментализмінің дағдарысы

ЛОНДОН –  2016 жылдың ең үлкен саяси тосын сыйынан жұрттың бәрі абдырап қалды. Ал менің сасатын еш жөнім жоқ еді: 2008 жылғы дағдарыстан соң жазған кітабымда саяси институттарға деген сенімнің жоғалуы араға шамамен бес жылдай уақыт салып экономикалық тоқырауға алып келеді деп ескерткен едім.

Мұндайды бұрын да көргенбіз. Карл Маркс пен Фридрих Энгельс 1848 жылғы «Коммунистік манифест» еңбегінде сипаттаған жаһанданудың алғашқы күйреуінен соң реформалық заңдар қабылданып, жұмысшы табына бұрын-соңды болмаған құқықтар берілді. І Дүниежүзілік соғыстан кейінгі Британ империализмінің күйреуінен соң Жаңа бағыт анықталып, бай мемлекет қалыптасты. 1968 жылғы Кейнс экономикасының күйреуінен соң Тэтчер-Рейган революциясы болды. Capitalism 4.0атты кітабымда саяси дүрбелеңдердің соңы ғаламдық капитализмнің күйреуіне алып келеді деп жазғанмын. 2008 жылғы дағдарыс – соның басы.  

Капитализмнің белгілі бір моделі жақсы жұмыс істеп тұрса, материалдық прогресс саяси қысымды азайтады. Ал экономика күйресе, онда бұл - жай өтпелі кезең емес, терең қайшылықтардың белгісі, капитализмнің жойқын әлеуметтік жанама әсері саяси тұрғыдан қатерлі дертке ұшыратуы мүмкін.  

https://prosyn.org/Tin6p4ukk