A businesswoman giving a presentation Cecilie_Arcurs/Getty Images

Жұмыстың болашағы жоқ

ВАШИНГТОН – Жұмыстың болашағы бүгінде қызу талқыланып жатқан тақырып. Ол талдаулар, түсіндірмелер және конференциялардың шексіз тізбегіне шабыт берді және өткен аптада өткен Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік банктің жыл сайынғы кездесулерінде де бұл тақырып басты орын алды. Себебі, жаңа технологиялардың, яғни цифровизация, робототехника және жасанды интеллекттің жұмыспен қамтуға елеулі әсері бар. Бірақ, әңгіменің жиі жағымсыз тақырыпта өрбуіне қарамастан, бұл мәселе бақытты аяқталуы да мүмкін.

Қазіргі пікірталастар көбінесе болашақта адамдардың жұмыс орындарын машиналар басып алады деген мелодрамалық келешекті болжайды. Кейбір болжаулар бойынша, Америка Құрама Штаттарындағы жұмыс орындарының 47% -ына; ЭЫДҰ елдерінде болса, 57 пайызына; дамушы елдердің үштен екісі және әлемдегі жұмыс орындарының жартысына (шамамен екі миллиард) қауіп төніп тұр.

Бірақ алдыңғы автоматтандыру кезеңдері де осындай ірі көлемдегі жұмыс орындарының жойылуы және жоғары технологияларға негізделген құрылымдық жұмыссыздық тәрізді қамықтыратын болжамдарға толы болды, тіпті атақты экономистердің де пікірлері сондай болған. Джон Мэйнард Кейнс өз пікірмен бөліскен және Василий Леонтьеф те  ұқсас ойын айтып өткен. Екеуінің де болжамдары орындалмады. Керісінше, технологиялық өзгерістер өнімділіктің және жұмыспен қамтудың қуатты алға итеруші күші болды.

Негізгі себептердің бірі - кейбір жұмыс орындарын жоятын технологиялық жаңалықтар  жаңа жұмыс орындарын да жасауы мүмкін. Жаңа технологиялар клерикалық жұмыс және қайталанатын өндіріс сияқты салаларда күнделікті біркелкі жұмыстағы төмен және орта білікті мамандарға деген сұрасты азайтады, сонымен қатар олар техникалық, шығармашылық және басқарушылық салаларда жоғары білікті мамандарға деген сұранысты да арттырады. Жақында жасалған талдау  бойынша, АҚШ-тағы соңғы уақытта артқан жұмыс орындарының жартысына жуығы жаңа қызмет талаптары мен жұмыс түрлерінен пайда болған.

Осыны ескерсек, жұмыс эволюциясын баяулатуды керек ететін түбегейлі бұзушы үдеріс ретінде емес, динамикалық түзету мен реттеу процесі ретінде қарастырған жөн. Кейбір адамдар жұмысшыларға түскен қысымды жеңілдету үшін роботтарға салық салу сияқты инновацияларға кедергілер жасауға арналған ұсыныстар тиімді болмайды. Оның орнына, қызметкерлердің жұмыс күшінің өзгеруі салдарынан талап етілетін жоғары деңгейдегі дағдыларын дамыту, сондай-ақ реттеу жұмыстары кезінде қызметкерлерді қолдау керек.

Осы уақытқа дейін білім беру мен оқыту технологиямен жарыста артта қалып келді. Жаңа технологиялар талап ететін техникалық және жоғары деңгейдегі дағдылардың жетіспеушілігі дамып келе жатқан экономикаларда технологиялардың өркендеп және өнімділіктің өсуінің бәсеңдеуіне ішінара жауапты: біліктілік тапшылығы инновациялардың таралуына кедергі келтірді. Сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімсіздік қажетті дағдылары барлардың талап ете алатын табыс ақысының өсуі арқасында табыс теңсіздігіне себеп болды.

Winter Sale: Save 40% on a new PS subscription
PS_Sales_Winter_1333x1000 AI

Winter Sale: Save 40% on a new PS subscription

At a time of escalating global turmoil, there is an urgent need for incisive, informed analysis of the issues and questions driving the news – just what PS has always provided.

Subscribe to Digital or Digital Plus now to secure your discount.

Subscribe Now

Бұл кемшіліктерді жою үшін білім беру және оқыту бағдарламаларын қайта қарастырып және оларды жетілдіру қажет. «Білім алу, жұмыс жасау, зейнетке шығу» атты бұрынғы мансаптық жол енді үздіксіз, өмір бойы оқумен алмастырылды; сондықтан көптеген экономикалардың жұмыс күшінің қартаюымен күшейтілетін процессте  қайта оқу мен өмір бойы білім алу мүмкіндіктері көбірек болуы керек.

Бұл оқытудың мазмұны, оқыту жолдары және қаржыландырылуында инновацияларды, сондай-ақ мемлекет пен жеке меншік серіктестіктің жаңа модельдердін талап етеді. Технологиялық шешімдердің әлеуеті қолданылып, оған цифрлық сауаттылықтың неғұрлым күшті негізімен қолдау көрсетілуі керек. АҚШ-та, отбасылық табыс деңгейі мен жоғары білім ара қатысындағы айырмашылықтар артып жатыр, осындай теңсіздіктің өсу кезінде экономикалық тұрғыдан қиын жағдайдағы адамдарға көмектің қолжетімділігін арттыру өте маңызды болып табылады.

Сонымен қатар, елдер еңбек нарығындағы және әлеуметтік қорғау жүйелеріндегі реформалар арқылы жұмыскерлердің жұмыс орындарын ауыстыруға мүмкіндік берілуі керек. Бұл жұмыскерлердің қазіргі жұмыс орындарында құқықтарын қорғауға бағытталған ескі саясаттардан инновациялық медициналық сақтандыру механизмдері мен белсенді, болашаққа ұмтылатын еңбек нарығының саясатына көшуді білдіреді.

Және де ресми, ұзақ мерзімді жұмыс беруші-қызметкер қарым-қатынастарына негізделген әлеуметтік келісімшарттарды қайта қарастыру керек; зейнетақымен қамсыздандыру және денсаулық сақтау сияқты артықшылықтар тасымалды және жаңа жұмыс тәртібіне, әсіресе кеңейіп жатқан «гиг» экономикасына бейімделген болу қажет. Қазірдің өзінде бірнеше ұсыныс жасалды: Финляндияда және Онтарио, Канада секілді кейбір субұлттық юрисдикцияларда енгізілген кепілді негізгі табыс; теріс табыс салығы; сондай-ақ қызметкерлердің әртүрлі тасымалды әлеуметтік сақтандыру шоттары.

Бұл жағынан Франция оң үлгі көрсетіп жатыр. Биылғы жылдың басында бұл елде тек белгілі бір қызмет орны немесе компанияда ғана жинақтамай, түрлі жұмыс орындарында оқу құқығын жинауға мүмкіндік беретін тасымалды «жеке қызмет есебі» енгізілді. Президент Эммануэль Макрон әкімшілігі еңбек нарығының икемділігін арттыру үшін Францияның қатаң еңбек қорғау саясатында реформалар жүргізіп жатыр. Осындай бастамаларды бір уақытта жүргізу Францияға реформалар синергиясын сақтап және қызметкерлердің де бейімделуін жеңілдетеді.

Технологиялық өзгерістер, бұрынғыдай, түрлі елдерде еңбек нарықтарына елеулі қиындықтар тудыртады. Бірақ, ақылға қонымды, болашаққа бағытталған саясатпен, біз осы мәселелерді шеше аламыз және жұмыстың болашағы жақсы жұмыс орындарының құрылуы болуын да қамтамасыз етеміз.

https://prosyn.org/xFwqiOBkk