robots dancing VCG/VCG/Getty Images

Жасанды интеллектінің ұлттық стратегиялары несімен қауіпті?

КЕМБРИДЖ – Жасанды интеллектіні (ЖИ) дамыту жаһандық жарысқа, тіпті жаңа үлкен ойынға айналып келеді. Ұлттық мүмкіндіктерін еселеп, бәсекелі артықшылықтарын қалыптастыру үшін мемлекеттер өзара жарысқаны аздай, ЖИ ақыл-ойын дамытып, деректерді өз қажетіне пайдаланып, ерекше қызмет түрлерін ұсынуда компаниялар да өзара тартысқа түсіп жатыр. Екі жағдайда жетістік ЖИ-ге қатысты шешімдердің демократияландырылып, түрлі секторларға таралуына байланысты болмақ.

Жаһандық ЖИ жарысы дүние жүзіндегі бәсекенің ешқайсысына ұқсамайды, себебі мемлекет, корпоративтік сектор және ғылымның инновацияға ықпал ету ауқымы әр елде әркелкі болып келеді. Дегенмен, орташа есеппен алғанда, әзірге инновацияның басым бөлігі ғылымнан келіп жатыр, үкіметтер ішкі зерттеу мен дамудан гөрі сатып алу арқылы үлес қосып отыр.

Әлемдік саудада тауардың көлемі азайып, цифрлық қызмет ауқымы артып келеді, қазір барлық сауданың 60 пайызы цифрландыру арқылы жүреді. 2025 жылға қарай барлық экономикалық құндылықтардың жартысы цифрлық салада қалыптаспақ. Болашақта құн тізбегінде өз орнын алуға тырысып жатқандықтан, үкіметтер де ЖИ-ге ауыз салып отыр.

To continue reading, register now.

As a registered user, you can enjoy more PS content every month – for free.

Register

or

Subscribe now for unlimited access to everything PS has to offer.

https://prosyn.org/SvjLhvlkk