ВАШИНГТОН – Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі прогресс қарқыны бәсеңдеп, әрекетсіздіктің салдары айқын көріне бастады. Бір де бір апта табиғат апатынсыз немесе дамушы елдерде тұратын әлжуаз халықтың өмірі мен күнкөріс көзіне қауіп төндіретін төтенше ауа райынсыз өтпейді. Соңғы болған сұмдық апаттардың қатарына Үндістандағы мұздықтардың еруінен болған су тасқыны мен қарашада Гондураста тіркелген 4-деңгейлі дауылды жатқызуға болады.
АҚШ-та жан басына шаққандағы парниктік газдар мөлшері табысы орташа және төмен елдердің көрсеткішінен 4-5 есе көп екенін ескерсек, бұл апаттарға Американың тікелей қатысы бар деп айтуға болады. Қуанышқа орай, 2021 жылы АҚШ әлемдік қаржы индустриясындағы дағдарысқа байланысты климаттың өзгеруіне қарсы маңызды шараларды қолға ала бастайды. Бәрі дұрыс: Big Finance экологиялық сипат алып, ірі институционалды инвесторлар әлемдік нарықта қауіпсіз әрі ұзақмерзімді табысқа қол жеткізудің жолын іздеп жатыр.
Басқа көп позитивті өзгерістердің ішінде ExxonMobil компаниясының әлемдегі ең ірі активтерді басқарушы компания Blackrock-тың қысымымен қазба отынмен байланысты 20 миллиард доллар активін есептен шығарып тастағанын атап өтуге болады. 200 миллиард доллар қаржыны басқарып отырған Нью-Йорк штатының зейнетақы қоры қазба отынмен жұмыс істейтін компаниялардан бас тартатынын жариялады. Жақында The Economist басылымы «S&P 500 индексіндегі энергетикалық компаниялардың үлесі 2011 жылы 10% болса, қазір бұл көрсеткіш 3% дейін төмендеген. Бұл пандемияның салдарын ғана емес, инвесторлардың COVID-19 вирусына байланысты біраз мәселеге тап болғанын да көрсетеді» деп жазды.
Сақтандыру нарығы да қазба отынмен қош айтыса бастады. 2019 жылдың өзінде қазба отын саласындағы активтердің 37% ие сақтандыру компаниялары бұл нарық «сақтандырылмаған» деп, көмірге инвестиция құюдан бас тартқан. Биыл желтоқсанда әлемдегі ең ірі сақтандыру нарығы саналатын Lloyd’s бір жыл ішінде көмір өндірісі және атмосфераны ластайтын өзге де жобаларға жаңа сақтандыру беруді доғаратынын хабарлады.
Ақыры автомобиль өндірісінде электромобильдер көбейетін болды. Мысалы, жақында BMW алдағы екі жылда жоспарды 250 мың электромобильге артық орындайтынын айтты. Биыл GM (2040 жылға қарай көмірқышқыл газы бойынша бейтарап компанияға айналуға уәде берген компания) мен Ford бірқатар стартап жобалармен қатар электромобильдердің жаңа моделін шығарады.
Сала көшбасшылары мен реттеуші органдар арасында әлі де бұрынғыдай қайшылықтар болғанымен, қатаң климаттық стандарттарға қарсылық азайып, жеке сектор өкілдерінің көбі АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігімен әріптес болуға дайын екенін білдіріп отыр.
At a time when democracy is under threat, there is an urgent need for incisive, informed analysis of the issues and questions driving the news – just what PS has always provided. Subscribe now and save $50 on a new subscription.
Subscribe Now
«Қаржылық көгалдандыру» толқыны қайдан шықты? Бұл тұста журналист, климаттың өзгеруіне қарсы күресте белсенді, 350.org. құрылтайшыларының бірі Билл Маккибеннің еңбегін атап өту керек. Ол бұл саладағы белсенділігін бірнеше жыл бұрын бастап, студенттерді өз мектептеріндегі мақсатты қорларды қазба отындардан бас тартуға итермелеуге шақырды. Бұл әдіске біраз уақыт қажет болды. Бірақ таза энергия өндірісіне кететін шығын азайып, ESG инвестициялық қозғалысы (экология, әлеуметтік сала және басқару) қарқын ала бастаған сайын студенттердің өтінішін қанағаттандырып, нарықта да табыс табуға мүмкіндік туды.
Былтыр Мичиган, Джордж Вашингтон, Корнелл және Кембридж университеттері атмосфераға көп қалдық шығаратын энергия көздеріне инвестиция салуды шектеуге келіскен академиялық құрылымдардың қатарына қосылды. Ұлыбританиядағы университеттердің жартысына жуығы өзіне осындай міндеттеме алды.
Маккибен халық арасында жұмыс жүргізіп жатқанда Англия банкінің бұрынғы басшысы Марк Карни саяси алаңдағы негізгі ойшылға айналды. 2015 жылы ол Англия банкінде жұмыс істеп жүрген кезінде қаржы реттеушілерден компанияларды өз активтерінің климатқа әсері туралы ақпарат беруге ынталандыруды талап етті. Карни бұл ақпараттан кейін тағы да қосымша деректерге сұраныс туып, нарықтың тұрақтылыға артады деп сенді. Қазір Ұлыбритания мен Еуропа одағы компанияларға арналған климат жөніндегі есепке өз талаптарын енгізіп жатыр. АҚШ-тың қаржы министрі Джанет Йеллен ірі қаржылық компаниялардың климаттық қаупін тексеретін стресс тестілер өткізуді қарастырып отыр.
Әрине, қаржы нарығы күтілген баға мен табысқа жауап береді. Ал баға мен табысқа мемлекеттік саясат әсер етеді (мысалы, жасыл энергия субсидиялары, отын тиімділігі стандарттары). Мемлекеттік саясаттан қоғамдық пікір көрінуі керек. Сондықтан қаржы саласы өздігінен жасыл технологияларға көше бастады деу тым жеңіл болар еді. YouGov дерегіне сәйкес, қазір климаттың өзгеруі АҚШ-тағы дауыс берушілер үшін денсаулық сақтау мен экономикадан кейінгі ең маңызды мәселе саналады. Бес жыл бұрын климаттық мәселелер соңғы орындарда болатын.
Қазір Байден әкімшілігі үшін «Қазіргі қарқынды қалай пайдалануға болады?» деген мәселе тұр. Ол үшін Ақүйдің ұлттық экономикалық кеңесінің жаңа директоры Брайан Диз (ол бұрын Blackrock компаниясына тұрақты инвестиция салу ісіне жауапты болған) құнды қағаздар және биржа жөніндегі комиссияның жаңа басшысы Гэри Генслермен үстел басына отыруы керек. АҚШ-қа Ұлыбритания мен Еуропа одағы сияқты акциясын қоғамдық сатылымға шығаратын компаниялардан олардың климатқа әсері туралы ақпарат жариялауды талап ететін кез келді. Генслерді көбі агрессивті реттеуші ретінде таниды. Ол қызметіне кіріскеннен кейін құнды қағаздар және биржа жөніндегі комиссия мүшелерінің басым дауысымен шара қолдану құқығына ие болады.
Оның үстіне, бәсекелестерге тең мүмкіндіктер қалыптастыруды көздейтін қаржы нарығында компаниялардың климаттық қаупі туралы ақпарат жариялау бастамасы қолдау табуы мүмкін. Өткен айда 11 өндірістік топ күнтәртібіне қойылған мәселелерді жариялады. Олардың қатарында компанияның климатқа әсері туралы ақпараттарды стандарттау мәселесі де қамтылған. АҚШ-та климаттық саясат үшін осындай үлкен талқылау өткізу сирек кездесетін құбылыс.
2021 жылы климаттық өзгерістерге қарсы күресте маңызды шараларды қолға алуға тамаша мүмкіндік туып отыр. АҚШ-тың құнды қағаздар және биржа жөніндегі комиссиясы алға итермелеп, бұралаң бағытымызды тұрақты болашаққа қарай өзгертуге үлес қосады.
To have unlimited access to our content including in-depth commentaries, book reviews, exclusive interviews, PS OnPoint and PS The Big Picture, please subscribe
South Korea's latest political crisis is further evidence that the 1987 constitution has outlived its usefulness. To facilitate better governance and bolster policy stability, the country must establish a new political framework that includes stronger checks on the president and fosters genuine power-sharing.
argues that breaking the cycle of political crises will require some fundamental reforms.
Among the major issues that will dominate attention in the next 12 months are the future of multilateralism, the ongoing wars in Ukraine and the Middle East, and the threats to global stability posed by geopolitical rivalries and Donald Trump’s second presidency. Advances in artificial intelligence, if regulated effectively, offer a glimmer of hope.
asked PS contributors to identify the national and global trends to look out for in the coming year.
ВАШИНГТОН – Климаттың өзгеруіне қарсы күрестегі прогресс қарқыны бәсеңдеп, әрекетсіздіктің салдары айқын көріне бастады. Бір де бір апта табиғат апатынсыз немесе дамушы елдерде тұратын әлжуаз халықтың өмірі мен күнкөріс көзіне қауіп төндіретін төтенше ауа райынсыз өтпейді. Соңғы болған сұмдық апаттардың қатарына Үндістандағы мұздықтардың еруінен болған су тасқыны мен қарашада Гондураста тіркелген 4-деңгейлі дауылды жатқызуға болады.
АҚШ-та жан басына шаққандағы парниктік газдар мөлшері табысы орташа және төмен елдердің көрсеткішінен 4-5 есе көп екенін ескерсек, бұл апаттарға Американың тікелей қатысы бар деп айтуға болады. Қуанышқа орай, 2021 жылы АҚШ әлемдік қаржы индустриясындағы дағдарысқа байланысты климаттың өзгеруіне қарсы маңызды шараларды қолға ала бастайды. Бәрі дұрыс: Big Finance экологиялық сипат алып, ірі институционалды инвесторлар әлемдік нарықта қауіпсіз әрі ұзақмерзімді табысқа қол жеткізудің жолын іздеп жатыр.
Басқа көп позитивті өзгерістердің ішінде ExxonMobil компаниясының әлемдегі ең ірі активтерді басқарушы компания Blackrock-тың қысымымен қазба отынмен байланысты 20 миллиард доллар активін есептен шығарып тастағанын атап өтуге болады. 200 миллиард доллар қаржыны басқарып отырған Нью-Йорк штатының зейнетақы қоры қазба отынмен жұмыс істейтін компаниялардан бас тартатынын жариялады. Жақында The Economist басылымы «S&P 500 индексіндегі энергетикалық компаниялардың үлесі 2011 жылы 10% болса, қазір бұл көрсеткіш 3% дейін төмендеген. Бұл пандемияның салдарын ғана емес, инвесторлардың COVID-19 вирусына байланысты біраз мәселеге тап болғанын да көрсетеді» деп жазды.
Сақтандыру нарығы да қазба отынмен қош айтыса бастады. 2019 жылдың өзінде қазба отын саласындағы активтердің 37% ие сақтандыру компаниялары бұл нарық «сақтандырылмаған» деп, көмірге инвестиция құюдан бас тартқан. Биыл желтоқсанда әлемдегі ең ірі сақтандыру нарығы саналатын Lloyd’s бір жыл ішінде көмір өндірісі және атмосфераны ластайтын өзге де жобаларға жаңа сақтандыру беруді доғаратынын хабарлады.
Ақыры автомобиль өндірісінде электромобильдер көбейетін болды. Мысалы, жақында BMW алдағы екі жылда жоспарды 250 мың электромобильге артық орындайтынын айтты. Биыл GM (2040 жылға қарай көмірқышқыл газы бойынша бейтарап компанияға айналуға уәде берген компания) мен Ford бірқатар стартап жобалармен қатар электромобильдердің жаңа моделін шығарады.
Сала көшбасшылары мен реттеуші органдар арасында әлі де бұрынғыдай қайшылықтар болғанымен, қатаң климаттық стандарттарға қарсылық азайып, жеке сектор өкілдерінің көбі АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігімен әріптес болуға дайын екенін білдіріп отыр.
HOLIDAY SALE: PS for less than $0.7 per week