ТОКИО – Азияның көп бөлігі COVID-19 пандемиясын жақсы еңсеріп келе жатқанға ұқсайды. Бірақ қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы дағдарыс өңірдің алдында тұрған жалғыз мәселе емес. Климаттың өзгеруі мәселесіне келгенде, Азия әлемнің басқа бөлігімен салыстырғанда қиын жағдайда қалып отыр.
Жақында McKinsey ғаламдық институты 2020 жылдың басында жарияланған бүкіләлемдік зерттеугесүйене отырып, Азия елдерінің алдындағы қазіргі және алдағы 30 жылда болуы мүмкін климаттық қауіптердің ықтимал әсерін бағалап көрді. Сараптамада қауіпті климаттық өзгерістерге бейімділік пен 16 елдегі (Австралия, Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Жапония, Лаос, Малайзия, Мьянма, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Филлиппин, Таиланд, Вьетнам және Оңтүстік Корея) әлеуметтік-экономикалық салдар сияқты физикалық шектік мөлшерлемелерге қаншалықты таяп қалғанымызды көрсететін шағын мысалдар қамтылған.
Климатты зерттеуші ғалымдар көмірқышқыл газының ең төменгі (2.6) және жоғарғы (8.5) мөлшері арасындағы әртүрлі сценариді қолданады. Бірақ біз ары қарай декарбонизация шаралары жүрмеген жағдайда климаттың өзгеруі қандай қауіптерге әкеліп соғуы мүмкін екенін бағалау үшін көмірқышқыл газының ең жоғарғы концентрациясын (8.5) алдық. Нәтижесінде әлемнің басқа бөліктерімен салыстырғанда Азияның климаттық қауіптен нашар қорғалғаны белгілі болды. Мұны үш параметр бойынша түсіндіруге болады.
Біріншіден, 2050 жылға қарай 1.2 миллиардқа жуық адам (олардың көбі Азияда тұрады) халықтың өміріне қауіпті ыстық толқындардың болу ықтималдылығы нөлден жоғары аудандарда тұрады. Екіншіден, әлемдік жалпы ішкі өнімнің үштен екісі Азияның үлесіне тиесілі. 2050 жылға қарай температура мен ылғал деңгейінің артуына байланысты даладағы жұмыс сағаты қысқарып, өңірдің әлемдік жалпы ішкі өнімдегі үлесі төмендейді. Үшіншіден, 2050 жылға қарай Азияда әлемдік капиталдың төрттен үш бөлігі су тасқынынан зардап шегуі мүмкін. Азық-түлік жүйесінің, жергілікті флора мен фауна экожүйесінің бұзылуы сияқты басқа салалар бойынша Азияның жағдайы қалыпты деңгейде немесе әлемдік орташа көрсеткіштерден төмен.
McKinsey ғаламдық институты Four Asias framework деп аталатын баяндамасында өңірді шекаралық Азия, дамушы Азия, дамыған Азия және Қытай деп төртке бөліп, олардың арасында едәуір айырмашылық барын көрсетеді. Климаттық өзгерістер әсіресе, жалпы ішкі өнімі төмен шекаралық және дамушы Азия елдеріне қауіп төндіреді.
Құрамына Бангладеш, Үндістан мен Пәкістан кіретін шекаралық Азияда температура мен ылғал деңгейі күрт артып, бұл адамдардың жұмысы мен өмір сүру жағдайына әсер етуі мүмкін. Таиланд пен Филлипин сияқты Оңтүстік-шығыс Азияның ірі экономикаларын қосқанда, Азиядағы нарығы енді қалыптасып келе жатқан елдер осыған ұқсас, бірақ қауіптілік деңгейі төмен құбылысқа, атап айтқанда, жауын-шашынның көп түсуі сияқты тенденцияға тап болады. Көмірқышқыл газының концентрациясы 8.5 болған кезде шекаралық, дамушы Азияның климаттық өзгерістерге ұшыраған аудандарындағы температура мен ылғал деңгейінің артуынан қысқарған жұмыс уақыты 2050 жылға қарай 7-12 пайыздық пунктке өседі. Дамыған Азия мен Қытайда бұл көрсеткіш 2-5 пайыздық пунктті құрайды.
Австралия, Жаңа Зеландия, Жапония мен Оңтүстік Кореяны қосқанда, дамыған Азия жақын уақытта ауыл шаруашылық саласы бойынша климаттық өзгерістерден пайда көреді деп күтіліп отыр. Бірақ өңірдегі кей мемлекет үшін құрғақшылық пен халықты сумен қамту маңызды мәселеге айналады.
Қытайдың климаты бірқалыпты болмағанымен, ел аумағындағы температура артады деп болжанған. Нәтижесінде ашық аспан астындағы тиімді жұмыстың орташа ұзақтығы 2020 - 4,5%, 2030 - 6%, 2050 - 8,5% дейін қысқарады.
Физикалық жүйелердің шектік мөлшерлемесі бұзылып, кері әсерлер пайда болған сайын, Азияда климаттың өзгеруінен туған әлеуметтік әсер де күшейе түседі. Мысалы, Австралияның үштен бір бөлігінде бір жыл ішінде өрт болу қаупі жоғары күндер саны 20-ға артып, елдегі негізгі капиталдың кем дегенде осындай 5 күнге бөлінген үлесі қазіргі 44 пайыздан 2050 жылға қарай 60 пайызға жетеді. Қосымша климатқа бейімделу шараларын жүргізбесе, Токиодағы жүз жылдан бері жалғасып келе жатқан су тасқынынан келетін шығын көлемі 2050 жылға қарай екі есе артып, 14.2 миллиард долларды құрайды.
Азия күрделі климаттық қиындықтарға кезігіп отырғанымен, тиімді адаптация мен жағдайдың салдарын жеңілдетудің арқасында бұл мәселелерді еңсеруге болады әрі бұған жақсы мүмкіндіктер де жетерлік. Өңірде 2030 жылға дейін инфрақұрылымға жыл сайын 1.7 миллиард доллар инвестиция құю жоспарланған. Бұл инфрақұрылымдарды жобалауға климаттық қауіптерді басқаруды қосуға мүмкіндік береді.
Дегенмен жаңа өзгерістерге бейімделудің жалпыға ортақ өңірлік жоспарын дайындаудың маңызы зор. Бұл жоспарға климаттық қауіптерді анықтау, оған қарсы реакция білдіру, адамдар мен активтерді қорғау, тұрақтылықты күшейту, қауіптерді азайту, қаржыландыру және сақтандыру шаралары кіруі керек. Адаптация қорғау және басқа жерге көшіруге қатысты қиын таңдау жасауға итермелеп, «халықтың әлжуаз топтарын қалай қорғау керек?» деген мәселеге әкеледі.
Климаттық өзгерістердің салдарын жеңілдетуге бағытталған ғаламдық шараларда Азия да маңызды рөл атқарады. Атмосфераға бөлінетін зиянды қалдықтарды азайту жолындағы негізгі шара көмірден (өңірдің энергетика секторындағы қалдықтардың 90% көмірден бөлінеді) баламалы энергия көздеріне өтуге негізделген. Азияда болат пен цемент өндірісінен бөлінетін көмірқышқыл газының көлемін азайту керек: өңірдің үлесіне тиесілі көмірқышқыл газының 80% аталған салалардағы кәсіпорындардан бөлінеді. Одан бөлек, Азия елдері көмірқышқыл газының 10%, метан қалдықтарының 40% шығаратын ауыл және орман шаруашылығы салаларын өзгертіп, көлік және инфрақұрылым секторын декарбонизациядан өткізуі керек.
Бұл мақсаттарды жүзеге асырудың қиын тұсы шығын көлемінің артуы, жұмыс күшінің ауысуы, белгілі бір қоғам өкілдеріне әсер ету сияқты ықтимал қауіптерді басқаруға негізделген. Мысалы, Үндістан баламалы энергия көздеріне өтсе, электр жарығы қымбаттап, көмірден бас тартуға байланысты адамдар жұмыссыз қалуы мүмкін.
Қытайда болат өндірісіне декарбонизация технологияларын енгізу жаппай өндірістегі ақаулардың алдын-алуға көмектеседі. Индонезияда декарбонизация кезінде ауыл шаруашылығының көмегімен күн көріп отырған адамдарға қолдау көрсету керек. Жапонияда саясаткерлер электромобильдерді қолжетімді ету арқылы экологиялық таза көлік түріне өту процесін жеңілдете алады.
Азияның көп бөлігі қазірдің өзінде климаттық өзгерістерге бейімделу және олардың салдарын жеңілдету бойынша шараларды қолға алып отыр. Қазір осы шараларды жалғастырып, өз тәжірибесімен бөлісіп, қолдау көрсету арқылы әлемдегі ең ірі қауіпке қарсы күресте көшбасшыға айналып, тұрақты дамуға жағдай жасауға мүмкіндік бар.

BLACK FRIDAY SALE: Subscribe for as little as $34.99
Subscribe now to gain access to insights and analyses from the world’s leading thinkers – starting at just $34.99 for your first year.
Subscribe Now