james157_GettyImages_worldmapdigitallines Getty Images

Валюта соғысы тоқтай ма?

ПРИНСТОН – 1930 жылдардың сұмдық оқиғалары сауда мен валюта соғысы ат пес арба сияқты қатар жүретінін еске салып тұрғандай. АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі “Алдымен Америка” атты протеционистік саясатын толық жүзеге асырып жатқан қазіргі таңда валюта соғысының тұтануы – тек уақыттың мәселесі болып тұр.

Содан бері біраз уақыттан бері толық масштабағы валюта соғысы болмапты. Десе де, 2008 жылғы қаржы дағдарысынан соң әлем осы жағдайға тым жақын қалды, сонда Бразилияның сол кездегі Қаржы министрі Гуидо Мантега Американың тым төмен пайыздық мөлшерлемесін сипаттау үшін бұл терминді қолданды да.  АҚШ-тың соңын ала Жапония мен Еуропа да экспортты ұлғайтудың осыған ұқсас стратегияларын қабылдады, ал төмендетілген айырбас валюта бағамы – дамыған экономикаларды аяғынан тұрғызудың жарияланбаған, бірақ басты құралына айналды.

Сол сияқты, 2012 жылы еуроның долларға қатысты бағамын төмендеткеннен соң ғана еуро дағдарысы ауыздықталғандай болды. Біріккен Корольдіктегі экономистердің көбі атап өткеніндей, еуроаймақ елдерімен салыстырғанда, Ұлыбританияның икемді айырбас бағамы сол уақыттың қатерінен аман-есен өтуіне бірден-бір себеп болды.

https://prosyn.org/5SoRO1kkk