Employees work on the North America project line of smartphone at a workshop of ZTE Corp. VCG via Getty Images

Американың Қытайға қатысты бүлдіргі саясаты

СИНГАПУР – Әлемдегі ең маңызды да күрделі екіжақты қарым-қатынас – АҚШ пен Қытай арасындағы қатынас.   Парадокстармен, қате пайымдармен және сенімсіздікпен матасқан бұл қарым-қатынас белгісіздікке, тіпті тұрақсыздыққа себепкер болуы мүмкін. Мұны тұтанып келе жатқан екіжақты сауда соғысынан анық байқауға болады.

АҚШ презденті Дональд Трамп әкімшілігі бастап берген қазіргі даудың басы – “Американың сауда дефициті тым үлкен, және бұған Қытай кінәлі” деген пікірге келіп тіреледі. Тіпті АҚШ-тың Қазынашылық хатшысы Стив Мнучин Қытайдан 2020 жылға дейін АҚШ-қа қатысты сауда сальдосын 200 миллиард долларға дейін азайтуды талап етті.

Ал, білікті экономистердің көбі Американың сауда дефициті – жеке қордың аздығы, мемлекеттік дефициттің көптігі және әлемдегі ең басты резерв валютасы ретіндегі АҚШ долларының маңызы сияқты ішкі құрылымдық экономикалық факторлардың әсерінен болып жатқан құбылыс деген пікірмен келіседі. Петерсон атындағы Халықаралық экономика институтының аға ғылыми қызметкері Джозеф Гагноннң айтуынша, АҚШ сауда дефицитін азайтқысы келсе, ұлғайып кеткен бюджет дефицитін төмендетуі керек.

https://prosyn.org/qhKIMjhkk