michnik9_WOJTEK RADWANSKIAFP via Getty Images_poland media blackout Wojtek Radwanski/AFP via Getty Images

Польша билігі демократияны нысанаға алып отыр

ВАРШАВА – Польшада бұрын-cоңды мұндай жағдай болмаған. 10 ақпанда газет-журналдар, жаңалық тарататын сайттар мен теле-радиостанциялар жұмысын тоқтатты. Берлин қабырғасы құлап, цензураға тыйым салынып, Совет одағы тарағалы отыз жыл өткенде Польшадағы азаматтық қоғам қиындықпен келген демократияның түп-тамырына балта шабуға тырысқан мемлекетке қарсы күресіп жатыр.

Польшадағы тәуелсіз ақпарат құралдары Ресей мен Венгриядағы әріптестері сияқты өздері қарсы күресіп жүрген саясаттың кесірінен тығырыққа тірелді. Польшаны іс жүзінде басқарып отырған премьер-министр Ярослав Качиньский өз мәлімдемелерінің бірінде Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбанның саясатын үлгі тұтатынын мойындаған. Сондықтан Польшадағы ақпарат құралдарының үнсіздік жариялап, наразылық білдіру себебін түсіну үшін Венгрияның тәжірибесіне үңілу керек.

2010 жылы билікке оралған Орбан «либералды емес демократия» идеясын нығайту үшін Венгрияның Сталині саналатын Матьяш Ракошидің Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін елде коммунизм орнату үшін қолданған «салями» деп аталатын әдісіне жүгінді. Ракоши бастаған коммунистер «таптық жауға» қарсы күресте тәуелсіз институттарды жойып, олардың сыртқы қаңқасын ғана қалдырған. Орбан бұл әдісті 21-ғасырға бейімдеп алды, ал Качиньский оның соңынан ерді.

https://prosyn.org/hMizwaPkk