Monetary tightening Drew Angerer/Getty Images

Қаржылық волатильділіктің ауылы алыс емес

ЛОНДОН – Инвесторлар – Марстан, орталық банктер – Шолпаннан, немесе соңғы он жылдағы ерекше қаржы-несие саясатының күні бітетіні туралы сигналдарға құнды қағаздар нарығының реакциясы осындай болды. Алайда, тәуекелді активтер нарықтары құнды қағаздар нарықтарының қызыл жалауды желбіреткеніне көңіл бөлер емес. Олардікі дұрыс па?

Қазір дамыған әлемнің басым бөлігінде инфляция деңгейі төмен. Бірақ АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдердің тыныштықты қалайтын орталық банктері 2008 жылғы қаржы дағдарысынан соң бастаған бейімделгіш ақша-несие саясатынан бас тартуды көздеп отыр.

Инфляцияға байланған орталық банктер инфляция болжамдары тұрақты болған тұста инфляциялық өзгерістер экономиканың әлсіздігінен болады деп санайды. Қазіргідей экономика бас көтере бастаған тұста (қазір АҚШ пен Ұлыбританияда жұмыссыздық деңгейі бизнес циклындағы орташа көрсеткіштерден әлдеқайда төмен, тіпті ондаған жылдардағы ең төмен деңгейге түскен) инфляция қайта көтеріледі.

https://prosyn.org/8xc37kZkk