woods27_TOLGA AKMENAFPGetty Images_protesttrumpballoon Tolga Akmen/AFP/Getty Images

Цифр дәуірінде наразылық

ОКСФОРД – Халықтың ел басқаруға қатысты пікір айтатын екі жолы бар, олар – сайлау мен референдум. Ал наразылық білдіру – тағы бір әдіс, сондықтан көп демократиялық елде жиналу және сөз бостандығы қорғалады.

Қазір әлемнің көп елінде бұл құқықтар толығымен пайдаланылады. Климаттың жылынуына қарсы белсенділер мен Брекзитке қатысты пікір айтқан демонстранттар өткен айда Лондонды жартылай қаңтарып қойды. Францияда “сары күртешелер” әр сенбі сайын алаңға шығып жатыр.

Әлеуметтік медиа жаппай наразылық ұйымдастыруды оңайлатты. Twitter, Facebook және Instagram-ның арқасында пікірі ортақ адамдар бір-бірінің ашу-ызасын одан сайын өршітіп, логистикалық мәліметті бөлісуге де мүмкіндік алып отыр. Бірақ қазіргі замандағы бұл демонстрациялардың көбінде ортақ өкпе-ренішті шынайы өзгеріске айналдыруға мүмкіндік беретін көшбасшы мен коалиция құру дағдысы жоқ.

https://prosyn.org/tOS8doEkk