oneill87_photographer is my life_getty images_covid funding Photographer is my life/Getty Images

G20 елдері үшін жеңіл әрі анық шешім

ЛОНДОН – Жақында «ғасыр келісімшартына» куә болуымыз мүмкін. Әлемдегі ең ірі экономикаға ие G20 клубына мүше мемлекеттердің көшбасшылары осы айда өтетін виртуалды саммитте COVID-19 пандемиясын талқылайды. Олар алдағы саммитте аты аңызға айналған инвестор Уоррен Баффеттің өзін жолда қалдыратын инвестициялық табысқа қол жеткізу мүмкіндігіне ие болып отыр.

Әлемдік жалпы ішкі өнімнің 1 пайызға жетпейтін бөлігін COVID-19 вирусынан құтқаратын тестілер, емдеу әдістері мен екпелерге (дайын болған кезде) қолжетімділікті арттыруға жұмсау арқылы ғаламдық экономиканы ұзақмерзімді даму мен тұрақтылық жолына қайтаруға болады.

Қазір тиімді диагностикалық құралдар, емдік препараттар мен екпелер дайындап, оны бүкіл әлемге таратуға инвестиция құю – дұрыс шешім ғана емес, ақылды қадам саналады. Саналы шешімге құрылған жеке мүдде әлемдік сауда көлемін қалпына келтіру үшін тауарлар мен қызметтерге сұраныс қалыптастыруды талап етеді. Бұл G20 көшбасшылары үшін оңай сынақ болады.

https://prosyn.org/AnXDlkqkk