oneill83_Thomas LohnesGetty Images_bullbearstatue Thomas Lohnes/Getty Images

Қаржы нарығы мәселені бағамдай алуда ма?

ЛОНДОН – COVID-19 пандемиясының ақпан-наурыз кезеңінде болған қаржы нарығының дағдарысы туралы сәуірде жазған пікірімде аталған өзгерістердің  таң қалдырарлық, күрделі әрі тым әсерлі екенін атап өткенмін. Сонымен қатар, ойға қонымсыз логиканың жұмыс істейтініне күмәнданып, әлем экономикасының күйреуіне қарамастан нарық дами беретіндігіне сенген едім. Ақыр аяғы солай болып шықты да. Енді тағы өзгеріс бола ма?

Қаржы нарығындағы қырық жыл қызметім мен оны зерттеуден түйген қорытындым бойынша байқағаным: тамыз – процесті сыртынан бақылау айы, күздің алғашқы жаршысы. Және белгілі бір себептерге байланысты 1929 және 1987 жылғы Уолл Стрит құлдырауынан бастап 1997 жылғы Азия қаржы дағдарысы, 1998 жылғы Ресейдегі дефолт және 2008 жылғы Lehman Brothers банкінің күйреуі сынды қаржы тарихындағы ең атышулы оқиғалар дәл осындай уақытта орын алған.

2020 жылдың жаз және күз мезгілдері жоғарыда аталған хаос эпизодтарына ұқсас немесе одан асып түседі деп болжам жасауға себеп көп. Мысалы, COVID-19 індетін жұқтыру көрсеткіші АҚШ және әлемдегі барлық пандемия ошақтарындағыдай тұтас Еуропада тағы арта бастады деп ойлаңыз. Онда карантин мен шектеу шараларының қайта қолға алынып, вакцина бойынша жұмыс жүргізіп жатқан адамдарға қысым одан сайын арта түседі. Ал егер вакцина жасаушы ең сенімді деген үміткерлердің үшінші кезеңдегі жұмысы сәтсіз аяқталып жатса ше?

https://prosyn.org/H6F60I6kk