pei69_ Thomas Peter-PoolGetty Images_trump xi Thomas Peter/Pool/Getty Images

Трамптың сайлауалды сыйлығы

КЛЕРМОНТ, КАЛИФОРНИЯ – Қытай үшін АҚШ президенті Дональд Трамп тәңірдің берген сыйы сияқты. Трамптың COVID-19 пандемиясына қарсы «катастрофалық» әрекеті осы жылдың  қаңтарында вирус алғаш пайда болған уақытта дұрыс жұмыс жүргізе алмаған Қытай үкіметін нәтижелі басқару жүйесінің үлгісіне айналдырды. Бұған қоса Трамптың "Ең әуелі – Америка" сыртқы саясаты елді дәстүрлі одақтастарынан алшақтатып, Қытайға қарсы тұратын кең коалиция құруға кедергі келтірді.

Әлбетте, Трамп Қытай президентіне ауыр соққы жасағаны рас. Оның сауда және технология соғысы АҚШ пен Қытай арасындағы сауда байланысын жойды; ал АҚШ әкімшілігінің Тайваньға қолдау көрсетуі Қытай басшыларының ашуына тиді. Бірақ Америка азаматтарының 3-қарашада өтетін сайлау алды дайындығына қарасақ, Трамптың Си Цзиньпинге тарту ететін тағы бір сыйы бар сияқты, ол – сайлауда жеңіліс табу.

Өз президенттігі туралы референдум алдында Трамп бірнеше рет оның нәтижесін қабылдаудан бас тартты. Ол өзінің президенттік мінберін пайдаланып пошта арқылы дауыс беруді заңсыздандыруға тырысты. Сондай-ақ, Дональд Трамп қазіргі таңда республикалықтар мен демократтар үлесі 6-3 ие АҚШ Жоғарғы сотына 26 қазанда өзі ұсынған соңғы үміткері Эми Кони Барретті Сенат ресми түрде бекіткеннен кейін екінші мәрте президенттік мерзімның тағайындалуы мүмкін екенін білдірді.

https://prosyn.org/JDh8rq4kk