haass133_Brendan HoffmanGetty Images_ukrainerussiaconflict Brendan Hoffman/Getty Images

Ресей-Украина дағдарысы

НЬЮ-ЙОРК – Кейінгі айларда Ресей Украинамен шекарасына әскери күштерін орналастыра бастады. Ресей президенті Владимир Путин қалай әрекет ететінін шешіп қойса да, бұл шешімге не себеп болғаны белгісіз (өйткені ниетке қарағанда, мүмкіндікті бағалау әлдеқайда оңай).

Осы тұста 1990 жылы тағы бір диктатор Саддам Хусейннің Ирак пен Кувейт шекарасына әскери күштерін апарғаны еске түседі. Ол кезде де дәл қазіргідей Ирак президентінің ниеті түсініксіз болғанымен, оның әрекетінен туған теңсіздік айқын көрінді. Араб елдерінің басшылары сол кездегі АҚШ президенті Джордж Бушты жедел реакция білдірмей, сабыр сақтауға шақырды. Өйткені олар Саддам Хусейн осы әрекеті арқылы Кувейтті мұнай бағасын көтеруге итермелеп, Иранмен ұзақ соғыстан қажыған Ирактың экономикалық қуатын қалпына келтіруге тырысып жатыр деп топшылады.

Бірақ тамыздың басында көбі «саяси қойылым» деп бағалаған іс-қимыл шындыққа айнала бастады. Ирак Кувейтке басып кіріп, елді жаулап алуға айналды. Оларды елден қуып шығып, Кувейттің тәуелсіздігін қалпына келтіру үшін АҚШ бастаған халықаралық коалицияның күші қажет болды.

https://prosyn.org/Leet4kikk