stiglitz268_FABRICE COFFRINIAFP via Getty Images_trump davos Fabrice Coffrini/AFP via Getty Images

Давостағы тұлға өзгерді ме?

ДАВОС – Осы жылы Швейцарияның Давос қаласында әлемдегі бизнес және саясат майталмандарын бір ортаға біріктірген 50-ші Дүниежүзілік экономикалық форум өтті. Өзім алғаш қатысқан 1995 жылғы форумнан бері біраз дүние өзгерген. Ол уақытта жаһандану эйфориясы, бұрынғы коммунистік елдердің нарыққа өтуге ұмтылуы, жаңа технологиялар барлығына бірдей пайда әкелетін мүмкіндікке толы деген сенім бар еді. Аталған бағдардың басында үкіметпен бірлескен бизнес жүретін.

Климат, қоршаған орта және әлеуметтік теңсіздік дағдарысымен бетпе-бет келіп отырған бүгінгі әлемнің жайы мүлде бөлек. Facebook компаниясы бұрмаланған ақпарат пен саяси манипуляция платформасын қамтамасыз етуге дайын. Әрі демократияға төнер қауіпке қарамастан жеке бақылауға алынатын монополиялық қадағалаушы капитализмнің қатерін айқындап берді. Қаржы секторында ғана емес, жалпы корпорация басшылары адамгершілікке жат қылық танытты.

Одан бөлек, жан-жақты дипломатиялық қатынасқа да қауіп төніп тұр. Тарихи тұрғыда оның мықты жақтаушысы АҚШ саналатын. Алайда қазіргі таңда АҚШ әкімшілігі «Ең әуелі –Америка» ұстанымымен жұмыс істейді және бейбітшілік, денсаулық сақтау және қоршаған ортаны қорғау салаларына байланысты серіктестік қажеттілігі белгілі болғанына қарамастан жаһандық ынтымақтастыққа кедергі келтіруде.

https://prosyn.org/RVWZbszkk