oneill78_BRYAN R. SMITHAFP via Getty Images_nysestockmarket Bryan R. Smith/AFP via Getty Images

COVID-19 нарығын түсіну

ЛОНДОН – Қырық жыл қаржы нарығын зерттегеніме қарамастан, аталған нарық мен үшін әлі күнге дейін таңқалдырарлық, күрделі әрі өте қызық. Мақаланы жазып жатқан уақытта ең жиі қаралатын S&P 500 акция индексі сәуірдің 27-сі жабылған (дүйсенбі) күні 2878 төңірегінде саудаласып жатты. Бұл – соңғы алты апта ішіндегі ең жоғары көрсеткіш, COVID-19 пандемиясының алдында болған рекордтық деңгейден 15%-ға төмен және наурыздағы ең төменгі деңгейден 30%-ға жоғары саналады.

Мұндай нәтиже Ұлы депрессиядан кейін АҚШ экономикасының алғаш рет дәл осындай ауқымда құлдырауының айғағына айналып отыр. АҚШ қор нарығы (басқа да нарық) неліктен бұлай әрекет етуде? Расымен де қаржы комментаторларына қарағанда бүгінгі қор мүшелерінің ұжымдасқан түрі әлдеқайда ақылды ма?

COVID-19 дертінің өршуі көптеген елдердің экономикасын «V» негізді құлдырауға ұшырататыны қаңтарда-ақ болжанған еді, себебі XX ғасырдың басында пайда болған Ауыр жіті респираторлық синдромы (АЖРС, атиптік пневмония) және өзге эпидемия кезінде әлем мемлекеттерінің экономикасы дәл осындай жағдайға тап болған. Төрт ай өткен соң саясаткерлердің «барлығын тындырамыз»-на сенім артып иррационалды үміттің арқасында нарық оңала алды ма деген сауал қойғанымыз жөн шығар.

https://prosyn.org/LSTaFikkk