buiter15_Athitat ShinagowinEyeEmGetty Imges_globemoneycoins Athitat Shinagowin/EyeEm/Getty Images

Қарыздан құтылатын уақыт

НЬЮ-ЙОРК – Covid-19 дағдарысы көптеген жеке және мемлекеттік қарызгерлерді өтеуге күші жете бермейтін борыш батпанына тастайтыны анық. Біз әлі де ұсыныс пен сұраныс жағында өзгерістер қатар орын алатын Кейнсиандық дағдарыс фазасының алдында тұрмыз. Оның соңы жаһандық депрессияға алып келуі мүмкін.  Алайда коронавируспен күрес сәтті аяқталса, үй қожалығы сақтық үшін қор жинаумен шектеліп, ал кәсіп еріксіз капитал шығынымен ғана айналысатын болады. Бұның барлығы жиынтық сұраныстың/Кейнсиандық үдерістің одан әрі құлдырауына апарады. Бюджеттегі дефицит есебінен қаржыланатын, мүмкін болған жағдайда монетизацияланатын мемлекеттік ынталандыру ғана өндірістегі алшықтықты жоя алатын жалғыз құрал болмақ.

Әлем бойынша алдыңғы қатарлы қор валютасын шығарушы Американың өзге мемлекеттерге қарағанда федералды үкіметтің қарыз алу мен қарызды монетизациялау мүмкіндігінде шектеулер аз. Бүгінгі таңда қабылданып жатқан төтенше экономикалық шара «Коронавирусқа байланысты қаржылай көмек пен экономикалық қауіпсіздік туралы» заң (CARES) бойынша шығындар, грант пен несиені қолдау, сондай-ақ, актив пен басқа да кепілдерді сатып алу үшін 2,3 трлн доллар қаржы бөлінеді. Конгрестің Бюджет жөніндегі басқармасының дерегіне сәйкес, алдағы он жылдықта аталған заң федералды тапшылықты «тек қана» 1,7 трлн долларға арттырады. Арасындағы айырмашылық АҚШ Федералдық қор жүйесінің шұғыл несие бағдарламасының кепілдігін қаржыландыру үшін  1,7 трлн доллардың  резервте сақталуымен түсіндіріледі. Бұл кепілдер ешқашан қолданылмайды деп жорамалданып отыр.

Шын мәнісінде жағдай басқа. Демократиялық партия бақылауындағы АҚШ Өкілдер палатасы жақында  3 трлн доллар сомасында тағы бір қаржылық заң жобасын қабылдады және оны барлық үлгіде Сенат мақұлдап, одан соң жаңа ынталандыру легі пайда болуы мүмкін. Заң шығарушылардың айтуынша, тіпті АҚШ-тың өзінде штат және жергілікті билік өкілдерінің көпшілігінде қаржы, несие кепілі немесе федералды үкіметтің тікелей трансфертінсіз дағдарысты жеңуге жеткілікті қаржы болмайды.

https://prosyn.org/hIC6Mqhkk