woods32_Katherine ChengSOPA ImagesLightRocket via Getty Images_chinawuhancoronavirus Katherine Cheng/SOPA Images/LightRocket via Getty Images

Вирустар саясатқа араласқанда

ОКСФОРД – Коронавирус жаңалықтарда жаппай жарық көргенге дейін, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының баяндамасы  әлем 50-80 миллион адамды өлтіруі, үрей мен тұрақсыздық тудыруы және әлемдік экономика мен саудаға елеулі әсер етуі мүмкін "тез дамып келе жатқан, респираторлық патогендердің вирусты пандемиясына" дайын емес деп ескертті.  Соңғы 200 жылдан бері тәжірибе тек келісілген Үкімет қана осындай пандемиямен тиімді күресу мүмкіншілігі бар екендігін көрсетті – тіпті соның өзінде, олардың азаматтарының сенімі және мойынсұнушылығы болғанда ғана. Бұл жаңа, қазір COVID-19 ретінде танылған коронавирусқа қарсы күресте саяси көшбасшылар тап болатын үш мәселені көрсетеді.

Бірінші мәселе саясаткерлер скептикалық қоғамға мұқият түсіндіруді талап ететін батыл болып көріну мен ғылыми негізделген шараларды қабылдау арасында қалып қояды. Мысалы, Үндістан, Нигерия, Жапония және Америка Құрама Штаттарын қоса алғанда, бірқатар елдердің үкіметтері жақында олардың әуежайларына келетін барлық жолаушыларға қатаң температуралық бақылау енгізді. Бірақ қызуы бар саяхатшылар жай ғана ыстық түсіретін дәрі - дәрмектердің көмегімен өздерінің шынайы жағдайын жасыра алады. Сонымен қатар, Қытай зерттеушілері COVID-19 жұқтырған адамның қызуы көтерілгенше 24 күнге дейін таралу қауіпі бар деп күдіктенеді. Сондықтан Құрама Корольдіктің үкіметі барлық келетін жолаушыларды әуежайдан шыққаннан кейін симптомдарды бастан кешірген жағдайда не істеу керектігі туралы хабардар етуге ерекше  көңіл бөлуде.

Нақтырақ айтқанда, 31 қаңтарда АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі соңғы 14 күн ішінде Қытайда болған барлық шетел азаматтарына, егер олар АҚШ азаматтарының жақын туыстары немесе тұрақты тұрғындар болмаса, кіруге уақытша тыйым салу туралы жариялады. Көптеген басқа елдер де ұқсас шараларды енгізді, бірақ күтілген нәтиже мүлде кері болуы мүмкін.

https://prosyn.org/vZfZqqNkk