Bank of Japan Governor Haruhiko Kuroda BEHROUZ MEHRI/AFP/Getty Images

Орталық банктің ескі әуені

ЛОНДОН – Жүйе құрушы орталық банктердің қорғанысты өзгерте бастауы 2018-2019 жылдары жаңа ақша-несие саясаты дәуірінің басталатынынан хабар берсе керек. “Жаңа қалыпты өмірге” бастайтын бұл транзитті кім басқармақ? Одан да маңыздысы - жаңа қалыпты жағдай қандай болмақ?

Жаһандық қаржы дағдарысынан бергі он жыл ішінде дамыған елдердің орталық банктері бұрын-соңды болмаған белсенді ақша-несие саясатын ұстана бастады. Жапон банкінің төрағасы Харухико Курода мен Еуропа Орталық банкінің басшысы Марио Драги экономикалық белсенділікті арттырып, дефляциялық қысымға төтеп беру үшін бұл саясатты әлі күнге жүргізіп отыр. Ал, АҚШ Федералдық резерві бұрынғы төраға Джанет Йелленнің тұсында, Англия банкі Марк Карниден бастап саясатты “қалыпты жағдайға” келтіруге дайындықты бастап кетті.

Жүйелік тұрғыда өте маңызды тағы бір банк - Қытайдың халық банкі (ҚХБ) ақша экспансиясына емес, қаржылық реформаға көбірек көңіл бөлді. ҚХБ-ның бұрынғы басшысы Чжоу Сяочуань 15 жылдық рекордты басшылық кезінде бірізді, тұрақты және тиімді басқару саясатының арқасында ел ішінде де, сыртта да үлкен бедел жинады. ҚХБ-ның пайыздық мөлшерлемені белгілеудегі тәуелсіздігі 15 мүшеден тұратын Ақша-несие саясаты комитетінің үкімімен шектелгенімен, бұл Сяочуанның әлемнің ең үлкен экономикасында лайықты қаржы секторын қалыптастыру мүмкіндігіне нұқсан келтірген жоқ.

https://prosyn.org/DNETKgLkk