oneill89_MARK SCHIEFELBEINAFP via Getty Images_brics Mark Schiefelbein/AFP via Getty Images

БРИК ұғымына - 20 жыл

ЛОНДОН – Биыл қарашада мен Бразилия, Ресей, Үндістан мен Қытайдың экономикалық әлеуетін біріктіріп, сипаттау үшін ойлап тапқан БРИК акрониміне 20 жыл толады. Осыған орай бұл концепцияны қайта қарап, 2001 жылдан бері әр елдің экономикасы қалай өзгергеніне баға берушілер көп болады. Сондықтан мен де бұл тақырыпқа қатысты ой бөлісуді жөн көрдім.

Біріншіден, қайта айтылуы мүмкін болжамдарға қарсылық ретінде бірден 2001 жылы қарашада шыққан «Әлемге BRIC елдері экономикасының жақсы болғаны керек» деген мақаламның негізгі идеясы аталған мемлекеттер экономикасының үздіксіз өсуін болжау немесе инвестициялық қорларға арналған жаңа маркетингтік концепция жүргізу болмағанын атап өткім келеді. Бұл мақаланы оқыған кез келген адам онда аталған экономикалардың жалпы ішкі өнімінің ықтимал өсімі ғаламдық басқару механизмдеріне едәуір әсер етеді деген негізгі аргумент болғанын жақсы біледі.

2001 жылы еуроның айналымға енгеніне енді үш жыл толған кезде мен Франция, Германия және Италия сияқты Еуропаның ірі мемлекеттері G7, Халықаралық валюта қоры және өзге де ұйымдар қызметіне жеке елдер ретінде емес, ұжым түрінде қатысып, әлемнің басқа дамушы экономикалық державаларына орын қалдыруы керек деген пікір айттым. «2010 жылы әлемдік экономика қандай болуы мүмкін?» деген сұраққа жауап іздеп, төрт ықтимал сценарий ұсындым. Оның үшеуінде БРИК елдерінің әлемдік жалпы ішкі өнімдегі үлесі артады деген болжам жасалды.

https://prosyn.org/P1rP2VXkk